Көлік министрлігі ғимаратында ведомство басшысы Марат Қарабаев «Exim Finance» Директорлар кеңесінің төрағасы Салах Ибрагим Әл Насермен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Кездесу көлік-логистика секторы саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталды.
2026-2028 жылдары аралығында жүзеге асыру көзделген ауданы 10 мың шаршы метрді, жалпы құны $7,5 млн құрайтын көлік-логистика хабын (KЛХ) салу жоспары талқыланды.
Ақмола облысында орналасатын көлік-логистика хабы ішкі нарыққа да, халықаралық транзиттік ағындарға да қызмет көрсетуге қабілетті заманауи ғимарат болмақ.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.