Алматы метросындағы жаңа қоршаулар: қорғаныс пен жарнама бір шешімде

8250
Фотосурет: «Алматы метрополитені» КМК

«Райымбек батыр» станциясында метрополитеннің заманауи қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін жаңа уақытша қоршаулар орнатылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Олар екі негізгі қызмет атқарады: жолаушылар үшін қорғаныс құралы болып табылады және жарнамалық құрылым ретінде пайдаланылады.

Қазіргі уақытта бұл қоршаулардың жел жүктемесіне төзімділігі тексерілуде. Барлық қажетті сынақтардан өткеннен кейін осындай қоршаулар метроның басқа станцияларында да орнатылатын болады. Сонымен қатар, метрополитен өкілдері бұрын орнатылған темір қоршаулардың да тексеріліп жатқанын, қажет болған жағдайда олардың алынатынын атап өтті.

«Алматы метрополитені жолаушылардың жайлылығы үшін инфрақұрылымды жетілдіруге әрдайым ұмтылады. Бұл шешім автоматтандырылған платформалық есіктер (screen doors) орнатылғанға дейінгі уақытша шара болып табылады. Барлық жұмыстар кәсіпорынның өз қаражаты есебінен, бюджет қаражатын тартпай жүргізілуде», – деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, уақытша қоршаулар вагондар арасындағы кеңістікті жабуға арналған және жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған уақытша шешім болып табылады. Автоматтандырылған платформалық есіктерді (screen doors) орнату процесі көп уақытты қажет етеді, өйткені жобалау, техникалық-экономикалық негіздеме дайындау, қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу қажет. Осыған байланысты, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уақытша қоршаулар орнатылуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -