Бүгін, 2025 жылдың 10 ақпанында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қытайлық «Xinjiang A-LIST GLOBAL Real Estate Co., Ltd» компаниялар тобының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Көп салалы ірі компаниялар тобы 2010 жылы құрылды. Жылжымайтын мүлікті дамытуға, коммерциялық қонақ үй бизнесіне, құрылысқа және онымен байланысты салаларға маманданған.
Қатысушылар кездесуде қонақ үй мен сауда тұрғын үй алаңдарын қамтитын ірі кешендерді салу саласында инвестициялар тарту мәселелерін талқыланды.
Екі тарап осы бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындықты білдірді.