Қазақстанның ветеринарлық қызметтері індеттерге дайындықты тексерді

2706
Фотосурет: Gov

Қазақстанда жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша симуляциялық оқу-жаттығулары өткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Үкімет пен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арасындағы келісімді жүзеге асыру аясында, АШМ ВБжҚК 2025 жылға ветеринариялық қызметтің симуляциялық оқу-жаттығуларының жоспарын әзірледі.

Осы жоспарға сәйкес, 18 аса қауіпті ауырулар ошақтарына қарсы іс-қимыл бойынша оқу-жаттығулар жыл бойы жүргізіледі. Сондай-ақ, Қазақстанның 16 облысындағы ветеринарлық бақылау бекеттерінде импорт, экспорт және транзит рәсімдерін жүргізу кезінде ветеринарлық бақылау бойынша симуляциялық оқу-жаттығулар жоспарланған.

Осыған байланысты Түркістан облысында сібір жарасы бойынша оқу-жаттығулары өткізілді, оған 70 ветеринариялық қызметкер қатысып, 14-тен астам арнайы көлік бірлігі пайдаланылды. Оқу-жаттығулар барысында қызметтердің ведомствоаралық өзара іс-қимыл, диагностика, ақпараттандыру, локализациялау, жою және инфекциялық аурудың алдын алу мәселелері пысықталды. Сондай-ақ, облыстық және аудандық ветеринариялық қызмет бөлімшелерінің төтенше жағдайдың салдарын жоюға дайындығы тексерілді.

Оқу-жаттығуларға қатысушылар қолайсыз пункттің шекарасын белгілеуді, ауру ошағында жою іс-шараларын жүргізуді, тәуекел аймағында алдын алу іс-шараларын іске асыруды қоса алғанда, дала жұмысының дағдыларын көрсетті.

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының ұсыныстарына сәйкес сібір жарасы ошағы пайда болған жағдайда ветеринарлық қызметтің жедел әрекет етуге дайындығы расталды.

Осындай оқу-жаттығулар Қазақстанның барлық өңірінде өткізілетін болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -