205,1 млрд теңге егінге: кім және қалай қаржыландыру алады?

4059
Фотосурет: agrosektor.kz

1,3 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егісті ерте қаржыландыруға өтінім берді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысы барысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Алдағы ауылшаруашылық маусымына дайындық аясында 2024 жылдың қарашасында көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру басталды.

«Несиелеу арналары кеңейтілді: алғаш рет егіс несиесін ӘКК арқылы алуға болады. 1,3 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден егіс науқанын қаржыландыруға өтінімдер пулы 205,1 млрд теңгені құрады. 914 АШТӨ 126,3 млрд теңгеге қаржыландырылды» Айдарбек Сапаров 

Сондай-ақ, Айдарбек Сапаров 2025 жылы жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлу жоспарланғанын айтты. Қаржыландыру ағымдағы айда басталады.

Облыс әкімдіктеріне қар ұстау және ылғалды жабу жөніндегі іс-шараларды уақтылы жүргізуді, агротехникалық іс-шараларды уақтылы сақтауды және т.б. мәселелер  тапсырылды.

Көктемгі науқанды өткізу мәселесі ерекше бақылауда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -