Қазақстанда бірегей білім беру фестивалі басталды

2717
Фотосурет: Gov

Бүгін, а.ж. 11 ақпанында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінің ашылуы өтті. Іс-шара Президент жариялаған 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «EXPO» көрме орталығында өтіп жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл балалар мен жасөспірімдерге арналған білім фестивалі. Шара қонақтары мамандықтардың тақырыптық көшелерімен танысып, түрлі сессиялар мен шеберлік сабақтарына қатыса алады.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі фестивальде 13 тақырыптық үйді ұсынды. Бұл Тау-кен металлургия көшесіндегі геологтар, тау-кен өнеркәсібі, байытушылар, қара металлургтер, шахта құрылысшылары, түсті металлургтер, асыл металдар үйлері. Машина жасаушылар көшесіндегі автомобиль өндіруші және токарьлар үйлері. Сондай-ақ, Құрылысшылар көшесіндегі тас қалаушылар, плиткашылар мен безендірушілер, шатыршылар мен ағаш ұсталар, ландшафты дизайнерлер, сантехниктер үйлері. Үйлердің аумағында интерактивті тақталар мен симуляторлар, практикалық алаңдар, ұқсатқыш тренажерлар, құрал-жабдықтар және жұмыс процесі көрсетіледі.

Іс-шара барысында металлургия және мұнай-газ саласы бойынша инновациялық сессия, «Самұрық-Қазына» қорының тұсаукесер сессиясы өтті, колледждерден кәсіптік бағдар беру бейнероликтері мен кәсіпорындардан таныстыру бейнебаяндары көрсетілді.

Сондай-ақ «Болашақ көлігі: 5-10 жылдан кейін қандай мамандар сұранысқа ие болады» тақырыбында конференция өтеді. Конференцияға «Қазақстанның Автокөлік Одағы» ЗТБ президенті Анар Мақашева модератор ретінде, спикерлер қатарында «Allur» қазақстандық автомобиль компаниясының R&D-жобаларының жетекшісі Айгүл Ахметова, ҚР Көлік министрлігі Автокөлік және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Бақытжан Качаков, ALT Univercity құрылтайшысы Гульзана Серикова, «Қазақстан жүк теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы» ӨРҰ» ЗТБ бас директоры Рамия Сараева, «QazTehna» ЖШС корпоративтік университетінің жетекшісі Айдос Айтбаев қатысады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -