Түркістан облысындағы әскери тактикалық оқу-жаттығу

2574
Фотосурет: Gov

Түркістан облысында бөлімшелерді жауынгерлік үйлестіру бағдарламасы шеңберінде өткен жауынгерлік атысқа механикаландырылған бригаданың 150-ден аса мерзімді қызмет сарбазы қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мамандық бойынша даярлықтан өтіп, тактиканың теориялық негіздерін меңгерген бөлімшелер құрамындағы жауынгерлер штаттық қарудан жауынгерлік міндеттерді пысықтауға кірісті. 

Оқу-жаттығу орындарында әдістемелік нұсқау беру сабақтары барысында офицерлер мен сержанттар жауынгерлік атыстың барлық кезеңдерін өткізу жөнінде нақты тапсырмалар алды.  

"Сабақтың негізгі мақсаты – командирлер мен жеке құрамды атыс құралдарын қолдана отырып, тиімді ұрыс жүргізуге үйрету. Атысты сауатты басқару және жауынгерлік бұйрықтарды нақты беру қойылған міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді"  бригада командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары майор Ержан Сабырбекұлы

Әскери қызметшілер бөлімшелердің жорығы, елді мекендердегі іс-қимылдар және қорғанысты ұйымдастыру сияқты негізгі тақырыптар бойынша дағдыларын жетілдірді.

Мақсатқа сәйкес бөлімшелер құрамындағы жауынгерлер әуе шабуылына тойтарыс беру, диверсиялық топтарды анықтап, көзін құрту, зақымданған жерлерден өту, мина-жарылғыш тосқауылдарды пайдаланып қорғаныс іс-қимылдарын жүргізу және қорғаныстың алдыңғы шебінде жауды жою сценарийлерін пысықтады.

Жауынгерлік жағдай қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескеріп, жеке құраммен жұмыс істеудің тиімді формалары мен әдістерін қолдана отырып модельденді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -