«Қазсушардағы» дауылы қызметтен босатулар

2640
Фотосурет: Казводхоз

Су саласындағы заң бұзушылықтар үшін 30-дан астам тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

2024 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ішкі аудит департаменті 18 кәсіпорында тексеріс жүргізді.  Еске сала кетейік, өткен жылы министр Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша «Қазсушар» филиалдарын тексеру басталды. Бұл жұмыстар судың «көлеңкелі» нарығымен күресуге бағытталған.

Тексеріс қорытындысы бойынша 30-дан астам жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, бірнеше лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалына жүргізілген тексеріс барысында су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық фактісі мен шаруалармен суармалы су беру келісімшарттарын жасау барысында заң бұзушылықтарға жол берілгені анықтаған болатын. Аудит қорытындысы бойынша мекеме басшысы мен Аса өндірістік аймағының басшысы қызметінен босатылды. Бұдан бөлек, филиал директорының орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймақтарының басшылары қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, «Қазсушар» мекемесінің Алатау филиалында бұрын жұмыстан босатылған қызметкерлердің алаяқтық фактілермен айналысқаны анықталды.

«Аудит барысында азаматтарды ауыз сумен және суармалы сумен қамтамасыз ету сапасын жақсарту үшін қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттігі анықталды. Барлық заң бұзушылықтар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Сондай-ақ министрліктің құзыретті құрылымдары мен ведомстволарына ұсыныстар мен тапсырмалар берілді» Ішкі аудит департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -