Абай облысының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін ұсталды

1474
Фотосурет: ҚР ҰҚК

Ағымдағы жылғы 28 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура мен ішкі істер органдарының көмегімен Абай облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ол терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деп күдіктелуде.

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -