Семей қаласының №22 мектеп лицейінің оқушыларына арналған ерлік сабағы өткізілді. Ерлік сабағын Абай гарнизонының 30217 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Мектеп оқушыларына Қарулы күштердің, қару-жарақ түрлерімен, әскерилердің киім үлгілерімен және әртүрлі жаттығуларға арналған құрал жабдықтармен таныстырылды.
Мектептің акт залында жас қонақтарға «Жас сарбаз» жастар қозғалысы қатарына қосылу, әскери оқу орындарына түсудің тәртібі мен Қарулы күштердің құрылу тарихы туралы фильмдер көрсетілді.
Сондай-ақ оқушыларға мерзімді әскери қызметтерін өтеушілер мен міндеттерін өтегеннен кейінгі сарбаздарға мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдіктер туралы түсіндіріп өтті.
Шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери қызметшілердің өткізген шараларына тәнті болды.