Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы эстафета өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұл сында (4×5 км) Ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді.
Суретті түсірген: Тұрар Қазанғапов
Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.
Суретті түсірген: Тұрар Қазанғапов
Суретті түсірген: Тұрар Қазанғапов
Мұнда барлығы 6 елдің құрамасы жүлдеге таласты. Енді Астана уақытымен сағат 10:00-де ерлер арасындағы (4×7.5 км) эстафета басталады.
Суретті түсірген: Тұрар Қазанғапов
Суретті түсірген: Тұрар Қазанғапов
Айта кетейік, бұл шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан қоржынына түскен 3-жүлде. Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжалаған.