Ұлы Отан соғысы ардагерімен кездесу өтті

2134
Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

Алматыдағы Ұлттық ұланның 3650 әскери бөлімінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Ұлы Жеңіске 100 күн қалды" акциясы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Зинченко Василий Ивановичпен кездесу кеші өтті. Сонымен қатар, кездесуге Түрксіб ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Байгудинова Ғалия Асқарқызы да келді.

Кездесу барысында ардагер Ұлы Отан соғысы кезіндегі сұрапыл күндерді еске алып, жастарға бейбіт өмірді бағалауға, оның қадірін білуге және әр уақытта Отанға адал болып, қайсар мінезді, ақылды, шыдамды, білімді болуға, елімізді, жерімізді шексіз сүюге шақырды.

Бөлім командирінің  тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі подполковник Фахритдин Абдрахманов орынбасары:

Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың жаңғырығы әлі де жадымызда. Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында біз бүгін бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешудеміз. Сіздерге ұрпақтарыңыздың атынан шексіз алғыс білдіреміз, мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй тілейміз

Майдангерге арналып өлең оқылды, ән шырқалды, деректі фильм көрсетілді. Ардагердің өмірі мен еліне жасаған қызметі, Отанды қорғаудағы батырлығы өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі екендігі сөзсіз.  Кеш соңында ардагерге әскерилер атынан сыйлық пен гүл шоғы тарту етілді.

Сержант Жанна Хусайнова, Алматы қаласы  

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -