Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Департамент қызметінің нәтижесінде өткен жылы жергілікті бюджетке 999,2 миллиард теңге көлемінде салық түсімдері қамтамасыз етілді. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге немесе 258,6 миллиард теңгеге артық, бұл қалалық бюджетке салық түсімдерінің өсуінің оң серпінін көрсетеді.
Алқа отырысында Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Шыңғыс Ануарбеков жұмыстың тиімділігін одан әрі арттырудың және салықтық бақылауды жақсартудың маңыздылығын атап өтті, әріптестерінің алдына қалалық бюджетті одан әрі толықтыруға бағытталған бірқатар міндеттер қойды, сондай-ақ салық төлеушілермен жұмысты жақсарту және департаменттегі ішкі процестерді оңтайландыру жөнінде тапсырмалар берді.