ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде соңғы жылдардағы қарулы қақтығыстар мысалында әскерлерді моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Аталған салада заманауи әдістер мен тәсілдерді тәжірибеге енгізу жөніндегі іс-шара Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың басшылығымен өтті.
Оған бейінді департамент өкілдері, Қарулы күштер түрлері бас қолбасшыларыныңтәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары, ҰҚУ жан-жақты қамтамасыз ету факультеті әскери оқыту және тәрбие кафедрасының профессорлар-оқытушылар құрамы қатысты. Бейнеконференцбайланыс арқылы жеке құрамның моральдық-психологиялық тұрақтылығын нығайту мәселелерін талқылауға әскер тектерінің және өңірлік қолбасшылықтардың лауазымды адамдары да қосылды.
Жауынгерлік іс-қимыл барысында әскери қызметші орасан зор моральдық және психологиялық күйді бастан кешіреді. Сарбаздар мен офицерлердегі осы факторлардың тұрақтылығы әскерлердің жауынгерлік қабілетін анықтайтын негізгі критерийлердің бірі болып табылады, өйткені жауынгерлік тапсырманың сәтті орындалуы олардың қауіп-қатерлерге, шиеленістерге және ұрыс жағдайларына қалай ден қоюына байланысты. Мұндай жағдайда әскери қызметшілердің шайқаста қорқынышты жеңу және жеңіске деген ерік-жігерін сақтау қабілетін сақтау маңызды Генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев
Ол бұл тұрғыда моральдық-психологиялық тұрақтылық жеке құрамға шығындарға, жағдайлардың ауырлығына немесе ресурстардың жетіспеушілігіне қарамастан жауынгерлік рух пен күш-жігерді сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл әскери қызметшілердің бұйрықтарды тиімді орындау, үйлесімді әрекет ету және бастама көтеру қабілетіне әсер етіп, бөлімшенің жауынгерлік тиімділігін айтарлықтай арттырады.
Талқыланған тақырып төңірегінде Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері және Әскери-теңіз күштері бас қолбасшыларының орынбасарлары өз көзқарастарымен бөлісті. Өз сөздерінде олар моральдық-психологиялық әсер етуде психологиялық, ақпараттық-тәрбиелік және әскери-әлеуметтік жұмыс сынды компоненттерді қарастырды.
Дөңгелек үстел жұмысына Қарулы күштер Тыл бастығы басқармасының және әскери бөлімдердің өкілдері де қатысты, олар әскерлерді моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді нығайту жөніндегі ұсыныстарын айтты. Айтылған ұсыныстардың барлығы практикада іске асыру үшін мұқият талданып жинақталатын болады.