Азия ойындары-2025: хоккейден Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

1848
Фотосурет: Сали САБИРОВ

Бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында жарыс қожайынын ұтты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан - Қытай, есеп: 2-1.

Екінші айналымда шабуылшы Надежда Филимонова мергендік танытып, командамызға басымдық сыйлады. Ал шешуші кезеңде қарсылас таразы басын теңестіріп үлгерді. Шешуші кезеңде Александра Шегай жеңіс шайбасын торда тулатты.

Енді ертең шешуші матчта Қазақстан мен Оңтүстік Корея күш сынасады. Ойын сағат 7:00-де басталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -