Астанада Әзірбайжан Республикасы Қаржы мониторингі қызметі делегациясының басшысы Заур Фатизаденің жетекшілігімен кездесу өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Сапардың мақсаты — қылмыстық табыстарды заңдастыруға қарсы іс-қимыл және ұлттық «жылыстату» жүйелерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасу.
Сондай-ақ, кездесулер барысында Агенттік виртуалды активтердің қылмыстық қызметте қолданылуына қарсы күресте жинақтаған тәжірибесін көрсетті.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар ведомствалар арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, оны одан әрі дамытуға деген ниеттерін білдірді.