Қазақстан кәсіпорындарының мониторингі: 2024 жылдың IV тоқсанындағы сандар не дейді

1936
Фотосурет: strategy2050.kz

Кәсіпорындарды мониторингтеу нәтижесі бойынша 2024 жылғы IV тоқсанда дайын өнім, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны артты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кәсіпорындарда өнім бағасының өсу қарқыны жеделдеп, диффузиялық индекс (ДИ) 57,7 құрады (2024 жылғы III тоқсанда – 57,3). Кәсіпорындардың дайын өніміне сұраныс біршама ұлғайып, ДИ 51,1 (50,6) болды.   

Жалпы экономикада сатылымның орташа рентабельділігі (пайызды, салықты және амортизацияны төлеуде шығысты шегергенге дейін) 25,0%-ға дейін (24,4%) ұлғайып, орташа тарихи нормадан (23,2%)  жоғары қалыптасып келеді.  

Кәсіпорындар бизнес жүргізу ісін тежейтін негізгі кедергілерді де атады. Олар, әдеттегідей, бәсекелестіктің жоғары деңгейі (30,8%), салық жүктемесінің деңгейі (30,3%) және экономиканың жай-күйі (29,3%). Басқа кедергілерден: білікті кадрлардың тапшылығын (26,5%); сатып алушыларды іздестіруді/сұранысты (25,0%); лицензия/рұқсат қағаздарын алудағы қиындықты (17,9%) айтуға болады. Маңыздылығы жағынан қаржыландыруға қолжетімділік 8-орында (14,1%) тұр.     

Нақты сектордағы кәсіпорындар арасында жүргізілген сауалнаманы біріктіріп бағалауды білдіретін композиттік озыңқы индикатор (KOИ) нақты секторда экономикалық белсенділік біршама жақсарғанын көрсетті. КОИ 2024 жылғы IV тоқсанда 100,4-болып, күтілгеннен жоғары қалыптасты.

IV тоқсанда сауалнамаға 3447 кәсіпорын қатысты. 

Рүстем Оразалин, ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -