Азия ойындары-2025: 13 ақпандағы басты нәтижелер

2013
Фотосурет: CFP

Қазіргі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын, сегіз күміс және жеті қола медаль бар, деп хабарлайды DKnews.kz.

Биатлон: Әйелдер арасындағы эстафетада (4×6 км) Ұлттық құрама мәреге үшінші келіп, қола жүлдегер атанды. Жарыс жолына Ольга Полторанина, Арина Крюкова, Дарья Климина мен Елизавета Белецкая шықты.

Ал ерлер құрамасы (4×7.5 км) Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Жарыс жолына Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев шықты.

Шайбалы хоккей: Ерлер құрамасы Қытайды жеңіп (3:1), финалға жолдама алды. Бас жүлде үшін Жапониямен сынға түседі.

Әйелдер командасы Қытайдан басым түсті - 2:1.

Керлинг: Қазақстан әйелдер құрамасы 9-сессияда Гонконг спортшыларын 6:3 есебімен жеңсе, жартылай финалда Кореяға есе жіберді - 2:10.

Ал ерлер құрамасы Гонконгтан айласын асыра алмады - 2:10.

Мәнерлеп сырғанау: Ерлер арасындағы жекелей сында Михаил Шайдоров қола жүлдегер атанса, Диас Жиренбаев 9-орынға табан тіреді.

Әйелдер сайысында Софья Самоделкина жарысты 4-орынмен, София Фарафонова 10-орынмен аяқтады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -