ҚР Ұлттық қорғаныс университеті және Satbayev University меморандумға қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті мен Satbayev University арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Әскери жоғары оқу орнының атынан құжатқа оның бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков, азаматтық білім ордасынан ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректор Ержан Күлдеев қол қойды.
Меморандум ғылым, технология және білім беру саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қалайды. Өзара іс-әрекет бірлескен зерттеу жобаларын іске асыруға, инновациялық шешімдерді әзірлеуге және енгізуге бағытталған.
Генерал-майор Асқар Мұстабеков атап өткендей, азаматтық және әскери ғылым арасындағы байланыстарды нығайту озық технологияларды қорғаныс пен қауіпсіздік жүйесіне тиімді интеграциялауға ықпал ететін болады.
Елдің әскери қауіпсіздігінің мүддесі үшін ақпараттық технологияларды, жасанды интеллекті, киберқауіпсіздікті дамытуға және озық цифрлық құралдарды жасауға ерекше назар аударылатын болады.