Сенаторлар «Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестиваліне қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Сенат депутаттары Астанадағы EXPO көрме алаңында өтіп жатқан «Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестиваліне қатысты. Бұл шара жастарды сұранысқа ие мамандықтарға тартуға және кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамытуға бағытталған.
Фестивальді Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырды және онда 40 интерактивті көрме алаңы қамтылды. Қатысушыларға 200-ден астам мамандық бойынша кәсіби бағдар беріліп, колледждер мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы әріптестікті нығайту мүмкіндігі ұсынылды.
Фестиваль аясында кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері мен олардың әлеуметтік серіктестері тәжірибе алмасып, сала мамандары үшін семинарлар, шеберлік сабақтары және бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру мен еңбек нарығына білікті кадрлар даярлауға бағытталған бірнеше ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды.
Сенаторлар еліміз экономикасының тұрақты дамуы мен еңбек нарығын қажетті мамандармен қамтамасыз етуде техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл мәселе парламентшілердің жіті назарында және олар осы тақырыпта ақпан айында парламенттік тыңдау өткізу жоспарланып отыр.