Жұмыспен қамтуға көмек: 50 мың адам қолдау алды

5368
Фотосурет: Gov

2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 49,7 мың қазақстандық қатысты. 46,9 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 16,6 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды DKnews.kz.   

Субсидияланатын жұмыс орындарына 30,3 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 1,3 мың адам, жастар практикасында 921 адам, қоғамдық жұмыстарда 25,9 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 2,2 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 8,3 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 7,6 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 2,8 мың адам қамтылды, оның ішінде 1,3 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 31 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 572 800 теңге) мөлшерде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -