Жастардың дамуы: жетістікке қалай жетуге болады?

6589
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

«NARXOZ» университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов студенттер және оқытушылар құрамымен кездесті. Шара аясында ол дәріс өткізіп, кәсіби мансап және жеке тәжірибесінен алынған құнды сабақтарымен бөлісті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов шынайы маңызды міндеттерге назар аудару, мықты команда қалыптастыру және заманауи құралдар мен технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Ол өз тәжірибесінен нақты мысалдар келтіре отырып, үдерістерді оңтайландыру, ресурсты тиімді бөлу және командалық жұмыстың жоғары нәтижесіне қол жеткізуге қалай ықпал ететінін көрсетті.

Кездесу барысында үнемі білім алу және өзін-өзі жетілдірудің қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Сенатор табысқа жетудің кілті – үнемі даму мен жаңа дағдыларды меңгеруге дайын болу екенін атап өтті. Ол сондай-ақ жастардың реформалар мен мемлекеттік институттарды дамыту үдерісіне белсенді араласуының маңыздылығына тоқталды.

Студенттер кездесуге ерекше ықылас білдіріп, құқықтық тәртіп жүйесіндегі реформалар, сот жүйесінің болашағы және ел дамуына жастардың үлесі жөнінде сұрақтар қойды. Сенатор кездесу соңында қатысушыларға оқуда және кәсіби қалыптасуда тілектестігін жетеізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -