Бұрынғы қаржы министрі Ұлттық банкте жаңа қызметке тағайындалды

4257
Фотосурет: Gov

2025 жылғы 17 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды DKnews.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды" Ақорда

Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы – 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген.

1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде оқытушы-тағылымдамашы, оқытушы;

1998-2014 жылдары – ҚР Ұлттық банкінің жетекші маманы, департамент директоры;

2014-2015 жылдары – "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының басқарушы директоры;

2015-2018 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі;

2018-2019 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі;

2019-2020 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

2020-2022 жылдары – ҚР Қаржы министрі;

2022-2024 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі;

2024 жылғы 20 мамырда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -