Нурдаулет Толеев Президент Әкімшілігіндегі қызметінен кетті.

4730
Фотосурет: Ақорда

2025 жылғы 17 ақпанда Нурдаулет Толеев Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды" Ақорда

 Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев 1984 жылы 31 қазанда туған.

Қазақ гуманитарлық заң университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Заңгер.

Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы «ТопЮрАудит КазГЮУ» ЖШС-де юрисконсульт болып бастады, 2005-2007 жылдары  Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты, одан кейін Қазақстан Республикасы Заңнама институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Заңнама және сот-құқықтық  реформа комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты қызметтерін атқарды.

2008 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеп келеді: Әкімшілік Басшысының хатшылығында консультант, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің инспекторы, сектор меңгерушісі болды.

2019 жылғы шілдеде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2016) және 4 мерекелік медальмен марапатталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -