Ербол Адаев Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды

4675
Фотосурет: Ақорда

17 ақпанда Ербол Адаев Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды DKnews.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды" Ақорда

Ербол Адаев жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Президенттің мүлкін басқару департаментінде ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Сонымен қатар, осы жылдары Қостанай облысы әкімінің аппаратында, Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратында түрлі қызметтерді атқарған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -