Қазақстандық шорт-трекшілер Миландағы подиумда

3927
Фотосурет: olympickz

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Милан (Италия) қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Эстафетада өнер көрсеткен қазақстандық спортшылар жүлдегер атанды. Қола медальді елге Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко және Әділ Ғалияхметов әкелді.

Бірінші орынды Италия жеңіп алса, Канада екінші болып мәреге жетті.

Айта кетейік, 2025 жылғы Азия ойындарында қазақстандық шорт-трекшілер алтын медаль жеңіп алған болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -