Қазақстан фехтованиеден Әлем кубогында

5159
Фотосурет: Арнай Ормаш

Қазақстанда семсерлесуден əлем Кубогы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

14-16 ақпан аралығында Алматыда жасөспірімдер арасында қылыштасудан Əлем кубогы өтті.

Фото: Арнай Ормаш

Жарысқа Азия мен əлемнің 13 елінен 100-ден астам спортшы қатысты. Оның ішінде - Қытай, Үндістан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Бразилия, Нигерия, Гонконг, Түркия, Израиль, Болгария, Беларусь жəне Қазақстан. Қазақстандық спортшылар жоғары нəтиже көрсетіп, бес медаль жеңіп алды.

Фото: Арнай Ормаш

«2022 жылы біз Алматыда алғаш рет жасөспірімдер арасында Əлем кубогын ұйымдастырдық, бірақ ол тек қыздар арасында өтті. Айта кету керек, бұл турнир Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) тарапынан жоғары баға алды. 2023 жылы Қазақстанда 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионатын өткіздік, оған 300-ден астам спортшы қатысты. Биыл біз жасөспірімдер арасындағы Əлем кубогын толық форматта – ұлдар мен қыздар арасында өткізу мүмкіндігіне ие болдық. Бұл тəжірибе Қазақстанның əлемдік қылыштасу қауымдастығындағы беделін арттырып, сенім деңгейін көтереді. Біз бұл қадамдар 2027 жылы Қазақстанда ересектер арасында алғаш рет өтетін олимпиада алдындағы Азия чемпионатын өткізу құқығын алуға негіз болады деп үміттенеміз. Ал осы жарысқа тоқталсақ, қазақстандық семсерлесушілер халықаралық қарсыластарымен лайықты бəсеке көрсетіп, жекелей жəне командалық жарыстарда жоғары нəтиже көрсетті», – деді Қазақстан Семсерлесу Федерациясының президенті Мирбулат Абуов.

Фото: Арнай Ормаш

Алматыдағы Əлем кубогының қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 5 медаль жеңіп алды: Жекелей сында Нұрмұхаммед Жайлыбай күміс жүлдегер атанды.

Фото: Арнай Ормаш

Қола медальді Адема Серікбай мен Қайназар Нұрқатұлы иеленді. Командалық жарыста Қазақстанның қыздар құрамасы күміс медаль жеңіп алса, ұлдар құрамасы турнирдің жеңімпазы атанды.

Фото: Арнай Ормаш

Əлем кубогы Алмалыбақ ауылындағы Олимпиадалық дайындық орталығында өтті. Турнирдің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ, сондай-ақ «Sport Qory» қолдау қоры.

Фото: Арнай Ормаш

2025 жылғы Алматыдағы Əлем кубогының нəтижелері

14 ақпан – қыздар (жекелей сын)

1. PERDIBAEVA Gulistan (Өзбекстан)

2. JUMAMURATOVA Ayakoz (Өзбекстан)

3. SHOKIROVA Samira (Өзбекстан)

3. SERIKBAI Adema (Қазақстан)

15 ақпан – ұлдар (жекелей сын)

1. KUPELI Adem Doruk (Түркия)

2. ZHAILYBAY Nurmukhammed (Қазақстан)

3. KALENDER Enes Talha (Түркия)

3. NURKATULY Kainazar (Қазақстан)

16 ақпан – командалық жарыстар (ұлдар, қыздар)

Ұлдар: 1. Қазақстан 2. Өзбекстан 3. Түркия

Қыздар: 1. Өзбекстан 2. Қазақстан 3. Болгария

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -