Алматыда Орталық Азиядағы ІТ-саласы үшін маңызды оқиға – деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) жобалау, салу және пайдалану бойынша жетекші мамандарды біріктірген «Data Center Design & Engineering Forum» форумы мен көрмесі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Іс-шараның басты назарында жасанды интеллектке арналған деректер орталықтарының инженерлік инфрақұрылымдары бойынша білім мен тәжірибе алмасу, ДӨО-лардың энергия тиімділігі мен қауіпсіздігі, фрикулинг (қоршаған ортаның табиғи салқындығын пайдалану арқылы деректер орталықтарындағы серверлік жабдықты салқындату технологиясы) және салқындатудың басқа да «жасыл» технологиялары, префабтар (зауытта дайындалатын, алдын ала жинақталған және тестіленген модульдік деректерді өңдеу орталықтары, олар кейін орнату орнына жеткізіледі және орнатылады), модульдер мен контейнерлік ДӨО-лар, сондай-ақ өртке және физикалық қауіпсіздікке қатысты үздік тәжірибелер болды.
Интеллектуалды инфрақұрылым және цифрлық трансформация саласындағы жаһандық көшбасшы ретінде Huawei жасанды интеллектті қолдау және үлкен деректерді өңдеуге бейімделген, энергия тиімділігі жоғары әрі өнімділігі жоғары деректер орталықтары үшін кешенді шешімдерді ұсынатын әзірлемелерін таныстырды.
Huawei-дің өңірлік бизнес дамыту менеджері Алексей Кудрявцев келесі озық инженерлік шешімдерді таныстырды:
- Модульдік префаб ДӨО-лар – ауқымдауға икемді және жылдам орналастырылатын, энергия тиімділігін қамтамасыз ететін шешімдер.
- Фрикулингі бар салқындату жүйелері – қоршаған ортаның табиғи салқындығын пайдалану арқылы энергия тұтынуды азайтатын экологиялық таза технология.
- Жасанды интеллектке арналған арнайы ДӨО-лар – жоғары өнімді есептеулер мен үлкен деректер модельдерін қолдауға оңтайландырылған шешімдер.
«Бүгінгі жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, корпоративтік сегменттегі деректерді өңдеу орталықтары нарықта басымдыққа ие. Алайда, 2030 жылдан бастап коммерциялық дата-орталықтарға жаппай көшу күтілуде. Қазір бұл нарық қалыптасу кезеңінде, бірақ алдағы жылдары қарқынды дамып, цифрлық инфрақұрылымның негізгі секторы болмақ» Алексей Кудрявцев
Форум аясында Huawei компаниясының Digital Power департаментінің өнімдер мен шешімдер жөніндегі менеджері Евгений Каазик баяндама жасап, деректерді өңдеу орталықтарының энергия тиімділігі мен тұрақты дамуына арналған Huawei-дің инновациялық технологияларын таныстырды.
«Data Center Design & Engineering Forum ДӨО индустриясының болашағын қалыптастыратын негізгі инновацияларды талқылау және тәжірибе алмасу үшін бірегей платформаға айналды. Huawei серіктестерімізге өнімділікті арттыруға, операциялық шығындарды азайтуға және инфрақұрылымның ең жоғары сенімділігін қамтамасыз етуге көмектесетін шешімдерді белсенді түрде дамытуды жалғастыруда» Евгений Каазик
Huawei Technologies Kazakhstan ДӨО саласында жұмыс істейтін компаниялардың стратегиялық серіктесі ретіндегі рөлін тағы да растады және өңірдің цифрлық трансформациясы үшін инновациялық, интеллектуалды әрі экологиялық шешімдерді ұсынуды жалғастыруда. «Data Center Design & Engineering Forum» – бұл саланың соңғы жетістіктерін көрсету, индустрия мамандарынан кері байланыс алу ғана емес, сонымен қатар инновациялық шешімдердің алдыңғы қатарында болу және деректерді сақтау жүйелерінің негізгі рөлін одан әрі дамыту мүмкіндігі.