Ақтөбе қаласында “Жеңіске 100 күн қалғанда” акциясы аясында Ұлттық ұлан сарбаздары Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерінің ауласын қардан тазарту жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұл игі бастама – ардагерлерге деген құрмет пен қамқорлықтың жарқын үлгісі. Сарбаздар өздерінің еңбегі арқылы үлкендерге көмек қолын созып қана қоймай, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге үлес қосуда.
Мұндай іс-шаралар жастардың елге, тарихқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға септігін тигізеді. Ұлттық ұлан жауынгерлерінің бастамасы өзге де азаматтарды ізгілік пен қайырымдылыққа шақырып, ардагерлерге деген құрметтің арта түсуіне ықпал етеді.