Кенгір су қоймасының көктемгі су тасқынына дайындық жағдайы

2145
Фотосурет: Gov

Су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық аясында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Жезқазған қаласында орналасқан Кеңгір су қоймасына барды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Инспекция барысында министр су қоймасының гидротехникалық құрылыстарының, шлюздерінің және электр механизмдерінің жай-күйін бағалады. Объектінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін инфрақұрылымның барлық элементтерінің тұрақты және қауіпсіз жұмысына ерекше назар аударылды.

Қазіргі уақытта Кеңгір су қоймасының барлық жеті шлюзі көктемгі кезеңде төтенше жағдайлардың туындау қаупін барынша азайтуға мүмкіндік беретін су жіберуге толық дайын. Өңірде көктемгі су тасқыны қаупін азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша белсенді алдын алу іс-шаралары жалғасуда.

Шыңғыс Әрінов су тасқынының ықтимал салдарын болдырмау және азаматтарды төтенше жағдайлар қаупінен қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -