Сенат депутаты Бибигүл Жексенбай Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері Парламенттерінің Халықаралық істер комитеттерінің екінші отырысына қатысты. Онда түркі әлеміне қатысты маңызды өңірлік және жаһандық оқиғалар талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Отырыс барысында Түркі мемлекеттері ұйымының саммит декларацияларын іске асыру, ТүркПА аясындағы ынтымақтастықты нығайту, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейту және парламентаралық дипломатияны дамыту мәселелері қаралды. Сонымен қатар, осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізу және түркі елдері арасындағы заңнамалық ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды.
«Түркі мемлекеттері халықаралық аренада өз мүдделерін үйлестіруі қажет. Ұйым мүшелері арасындағы ақпараттық алмасуды жетілдірудің маңыздылығы жоғары. Ортақ телеарна, сайт, әлеуметтік желі ұйым жұмысын жандандыруға көмектесері сөзсіз. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдарда ортақ мүддемізді қорғау үшін парламентаралық ынтымақтастықты күшейту аса маңызды» Бибигүл Жексенбай
Отырыста сонымен қатар өңірдегі геосаяси жағдай мен түркі мемлекеттерінің халықаралық ұйымдардағы ықпалдастығын арттыру, ұлттық парламенттерде халықаралық құжаттардың басымдықпен қаралуы және парламентаралық дипломатияның рөлін нығайту мәселелері талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша Түркі мемлекеттері Парламенттерінің Халықаралық істер комитеттері тұрақты түрде кездесіп тұруы және бірлескен шешімдер қабылдауы қажет деген келісім жасалды. Сондай-ақ, ортақ ұстанымдарды үйлестіру мақсатында Бірлескен мәлімдемеге қол қою жоспарланды.
Түркі мемлекеттері Парламенттерінің Халықаралық істер комитеттерінің келесі отырысы Бішкек қаласында өткен болды. Бұл кездесулер Түркі мемлекеттері ұйымының саммит декларацияларын жүзеге асыру және ТүркПА аясында парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр.