Әскери бөлімде ашық есік күні өтті

3355
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы

Ақтау қаласындағы Ұлттық ұланның 3502 әскери бөлімінде оқушыларға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шара жастарды әскери өмірмен таныстырып, Отан қорғаушылардың күнделікті қызметін көрсетуге бағытталды.

Экскурсия барысында оқушылар әскери бөлім аумағын аралап, сарбаздардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Оларға әскери техника мен қару-жарақ көрсетіліп, олардың ерекшеліктері мен қолданылу тәсілдері жайлы түсіндірілді.

Сондай-ақ оқушылар сарбаздардың жатын орындары мен асханасын көріп, әскери өмірдің тәртібі мен талаптары туралы мағлұмат алды. Шараға қатысқан оқушылардың бірі Жандос Орақбаев алған әсерімен бөлісті: – Маған әскери бөлімге жасаған экскурсия ерекше ұнады. Біз нағыз әскери техника мен қару-жарақты өз көзімізбен көрдік. Сарбаздардың өмірі тәртіп пен жауапкершілікке толы екеніне көзім жетті. Болашақта мен де елімді қорғауға үлес қосуды армандаймын. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім оятып, әскери қызметке деген құрметін арттырары сөзсіз. Ұлттық ұланның 3502 әскери бөлімі алдағы уақытта да тәрбиелік мәні зор шараларды жалғастырып, жастарды әскери өмірмен таныстыруды жалғастырмақ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -