Рыбакинадан керемет теннис шоуы

2332
Фотосурет: ҚТФ баспасөз қызметі

Елена Рыбакина (7 WTA) Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында Испания өкілі Паула Бадосадан (10 WTA) басым түсті, деп хабарлайды DKnews.kz.

25 жастағы қазақстандық спортшы 4:6, 7:6 (10:8), 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті. Екінші сеттегі тай-брейкте Елена 3:6 есебімен жеңіліп жатқан. Алайда төрт матч-болда басым түсіп, 10:8 есебімен жеңіп кетті. Қарсыластардың өзара кездесулеріндегі есеп 4:4 болды.

Ертең Рыбакина америкалық София Кенинмен күш сынасады. Ол осы турнирдің өткен жылғы чемпионы италиялық Жасмин Паолиниді жеңген еді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -