Өзбекстанда қарақшылық жасаған үш шетелдік ұсталды

3003
Фотосурет: Gov

Қазақстандық полицейлер Өзбекстанда қарақшылық жасаған шетелдіктерді ұстады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Құқық қорғау органдарының жеделдігі, үйлесімді жұмысы және цифрлық шешімдердің мүмкіндіктері өз тиімділігін көрсетті.

Шымкент пен Атырау әуежайларында криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген үш Түркия азаматын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz. Ташкентте ер адамдар бетперде тағып, бөтен біреудің көлігін басып алуға тырысқан. Алайда жәбірленушілердің белсенді қарсылығының арқасында шабуылдаушылар өздерінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыра алмаған.

Осылайша олар оқиға орнынан ізін суытқан. Қарақшылық жасалғаннан кейін, іздеуге жарияланбастан бұрын қаскөйлердің екеуі Атырау облысында, ал үшіншісі Қазақстанның оңтүстігінде жасырынған.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде үш күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторларына қамауға алынды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -