Ауыл шаруашылығы техникасы 5% жеңілдікпен лизингке

2651
Фотосурет: freepik

«ҚазАгроҚаржы» 2025 жылы фермерлерді 5% жеңілдетілген мөлшерлемемен 200 млрд теңгеге қаржыландырады, деп хабарлайды DKnews.kz.

24 ақпаннан бастап «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ  «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша 5% мөлшерлемемен 200 млрд теңге сомасына өтінімдер қабылдауды бастайды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша қаржыландыру шарттары 2025 жылы өзгеріссіз қалады - мөлшерлеме жылдық 5%, мерзімі – 7 жылдан аспайды, бірінші лизингтік төлем – кемінде 10%.

«Бұл бастама фермерлерді қолдауға және елдегі ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған. Қолжетімді қаржыландыру - бұл ауыл секторының өнімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторы. Біздің лизинг бағдарламасы аграрлықтардың техниканы тиімді жаңартуына мүмкіндік береді, нәтижесінде жалпы өндіріс деңгейі айтарлықтай өспек» «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев

«Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының кең ауқымын қамтиды.

Өтінімдер қабылдау 24 ақпанда сағат 10:00-де, https://t.me/kaz_agro_finance_bot сілтемесі бойынша Telegram-ботта басталады. Клиент өтінім берген соң 5 жұмыс күні ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалына құжаттардың толық пакетін ұсынуы тиіс.

Бағдарлама жөнінде толық ақпаратты «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның  www.kaf.kz  ресми сайтынан біле аласыздар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -