Алматылық оқушылар жетістіктерімен тәнті етіп келеді. Былтыр 600-ден астам алматылық оқушы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Алматыдан 894 оқушы 32 халықаралық олимпиада мен байқауға қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Алматының төрт оқушысы Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға қатысып, күміс медальмен оралды.
Қаланың командасы республикалық жарыстарда бірінші орын алып, 63 медаль жеңіп алды және «2024 жылдың үздік олимпиадалық командасы» атанды.
Сонымен қатар, алматылықтар Далластағы робототехника чемпионатында үздік ондыққа кіріп, Женева, Сингапур және Афинада үш рет әлем чемпионы болды.
Енді жас өнертапқыштарды Almaty Tech Cup жарысында бақ сынап, Қазақстанның намысын халықаралық аренада қорғайды