Ұландықтар ардагерлерге құрмет көрсетті

2310
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Атырау қаласында орналасқан ҚР Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінің әскери оркестрі 20 ақпан күні “Ұлы Жеңіске 100 күн қалғанда” атты акция аясында Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін арнайы құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шара барысында сарбаздар ардагерлерге құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ соғыс жылдарындағы жүрек тебірентер патриоттық әндерді орындап, майдангерлерге рухани қолдау көрсетті.

Өз кезегінде ардагерлер ұландық жауынгерлерге шынайы алғыстарын білдіріп, олардың әскери қызметіне толағай табыс тілеп, ақ баталарын берді. Бұл игі шара – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің жарқын үлгісі ғана емес, Отан үшін жанын қиған ерлердің есімін ардақтау жолындағы маңызды қадам.​​​​​​​

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -