Астанада Қазақстан мен Өзбекстанның қорғаныс ведомстволары өкілдерінің штабтық келіссөздері өтті

1683
Фотосурет: Gov

ҚР Қорғаныс министрлігінде өзбек әріптестерімен штабтық келіссөздер өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының мақсатты топтары бейінді консультациялар өткізді. Екіжақты күн тәртібінің ағымдағы және перспективалық мәселелері бойынша тараптар әскери қауіпсіздік саласындағы ұстанымдарын нақтылап, өңірлік диалогты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.  

Делегация басшылары екіжақты әскери ынтымақтастықты сындарлы және өзара тиімді түрде ілгерілетіп дамытуға бейілділігін растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -