Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов жеке мәселелері бойынша Астана және Алматы қалаларының тұрғындарын қабылдады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қабылдау барысында азаматтар Целиноград ауданының Талапкер ауылында өрт сөндіру депосын салу және «Қазселденқорғау» ММ кадр жұмысының қызметіне қатысты мәселелермен жүгінді.
Қабылдауға комитеттердің, құрылымдық бөлімшелердің басшылығы мен Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов та қатысты, бұл мәселелерді жедел қарауды және сол жерде шешім қабылдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Министр азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің әрқайсысы бойынша түсініктеме берді. Қабылдау қорытындысы бойынша ол бұл мәселелер тұрақты бақылауда екенін атап өтіп, аталған мәселелерді шешуге дайын екенін айтты.