Майдангер Әбдіғали Қаймолдинге "Семей қаласының құрметті ардагері" төсбелгісі берілді

1496
Фотосурет: Gov

Соғыс ардагері Әбдіғали Қаймолдинге құрметті атақ берілуіне орай облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров пен Семей қаласындағы ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжебай Бердікенов қарияның шаңырағында болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қонақтар ардагермен әңгімелесіп, оның хал-жағдайын сұрап, "Семей қаласының құрметті ардагері" төсбелгісін табыс етті. Жаңа төсбелгі майдангер костюміндегі көптеген марапаттардың арасынан өз орнын тапты.

Ардагерді құттықтау үшін ҚР Қарулы Күштері Ұлттық-әскери-патриоттық орталығының Семейдегі филиалының әскери оркестрі келіп, Әбдіғали Қаймолдинді және оның жақындарын соғыс жылдарындағы әуендермен қуантты.

Өз кезегінде ардагер келушілерге алғысын білдіріп, оларға амандық пен бейбіт аспан тіледі.

Естеріңізге сала кетсек, Әбдіғали Қаймолдин 1921 жылы Семей облысы, Абралы ауданы, Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, Сталинград, Бірінші Украина, Үшінші Балтық майдандарында соғысқан. 1946 жылы маусымда демобилизацияланды. 2025 жылдың 30 маусымында ол 104 жасқа толады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -