Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы: S&P Global Ratings талдауының негізгі қорытындылары

946
Фотосурет: Аластер Пайк / AFP

Осы жылдың 21 ақпанында S&P рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының егеменді кредиттік рейтингін «BBB-» деңгейінде растады, болжам – «тұрақты», деп хабарлайды DKnews.kz.

  • Агенттік ЖІӨ құрылымында мұнайға жатпайтын сектордағы өсімнің оң әсерін, фискалдық тұрақтылықты, сыртқы резервтердегі көлемнің ауқымдылығын және сыртқы қарыздың көлемі қалыпты екенін атап өтті.
  • Агенттіктің болжамы бойынша, мұнай өндірісіндегі өсім, сол секілді экономиканы ынталандыру мен әртараптандыруға жұмсалатын мемлекеттік шығыстар, әлеуметтік қамсыздандыру экономиканың 2025 жылы 4,9% және 2026 жылы 3,4% деңгейінде өсуіне ықпал ететін болады.
  • S&P пікірінше, инфляцияны тежеу және экономиканы қолдау бағдарламаларына қатысуды азайту бойынша Ұлттық Банк қабылдаған шаралар ақша-кредит саясатының тиімділігін біртіндеп арттыруға сеп болады.
  • Сарапшылар 2024 жылдың аяғында инфляцияның мәні 8,6%-ға дейін төмендегеніне назар аударады. Депозиттерді долларландыру деңгейі мен ұлттық валюта бағамы одан әрі тұрақталады деп күтілуде.

ЖІӨ құрылымында мұнайға жатпайтын сектордың өсуін жеделдету және фискалдық шаралардың тиімділігін арттыру жөніндегі реформаларды табысты іске асырған жағдайда елдің кредиттік рейтингін арттыру мүмкін болмақ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -