Өскеменде әскерилер ғасырдан асқан ардагерге ұлттық тағам ұсынды

1716
Фотосурет: «Шығыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның  3477 әскери бөлімі ”Жеңіске 100 күн қалғанда” акциясы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері  Анастасия Светочеваның  шаңырағына барып, майдангердің хал-жағдайларын біліп қайтты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әскери бөлім командирі бастаған арнайы меймандар ардагерге дастархан жайып, ұлттық тағамдар әзірледі. Сонымен қатар көнекөз үйінде тазалық жұмыстарын жүргізіп, өздерімен бірге тұрмысқа қажетті азық-түлік те  ала келді.

Еліміздің өсіп-өркендеуіне, тұрғындардың бейбіт, тыныш өмір сүруіне Ұлы Жеңістің ықпал еткені баршамызға аян. Ғасырдан асқан ардагердің біздің әскери бөлім үшін әманда орыны бөлек. Біз әрбір мереке сайын майдангерге құрмет танытып, әскери оркестрмен ән шырқап, көңіл аулаймыз. Бұл жолы ұландықтар жасамысқа бауырсақ пісіріп, ардагерге ерекше ас әзірледі 3477 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Аңсар Шәкенов

«Отан соғысы» орденінің бірінші дәрежелі кавалері Анастасия Светочева соғыста әскери байланысшы болған. 103  жасқа қадам басқан кейуананың қимылы әлі де ширақ.  Соғыстағы жерлестерінің ерлігі мен бейбіт өмірдегі тірлігін естен шығармаған. Дастархан басында әскери қызметшілерге  қанмайдан жылдарындағы ұрыстардың уақыты мен өткен жері туралы баяндап, шаңырағына бас сұққан ұландықтарға алғысын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -