Қызылорда – Айтеке би тас жолында қозғалыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылғы 23 ақпан сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады:
- "РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы" автожолының 1474-1806 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Әйтеке би ауылы - Қызылорда қаласы);
Жолды 2025 жылғы 24 ақпан сағат 03:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.