Елдің 4 өңірінде республикалық тас жолдар жабылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылғы 23 ақпан сағат 23:20 жағдай бойынша 4 облыстағы 4 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Ақмола облысы:
- "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" 856-915 шақырым аралығы (СҚО шекарасы - Жақсы ауылы).
Жетісу облысы:
- "Үшарал-Достық" автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума ауылы - Достық стансасы).
Қызылорда облысы:
- "РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғасы - ҚХР шекарасы" автожолының 1474-1806 шақырым аралығы (Әйтебе би ауылы - Қызылорда қаласы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
- "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" 846-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Тахтаброт ауылының бұрылысы).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 153 арнайы техника мен 214 маман жұмылдырылды.