Жұмысшы мамандықтары жылы: елорда оқушылары жылу электр орталығына барды

1001
Фотосурет: Gov

Есіл ауданының №85 мектеп-лицейінің оқушылары «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жылу электр орталығына экскурсияға барды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларға энергетика саласының маңыздылығын түсіндіру, өндіріс процесімен таныстыру және жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықты арттыру, деп хабарлайды DKnews.kz.

Экскурсия барысында оқушылар жылу мен электр энергиясының қалай өндірілетінін, станцияның негізгі құрылғылары мен олардың жұмыс істеу принциптерін көріп, сала мамандарынан қызықты ақпараттар алды. Мамандар өз тәжірибелерін айтып, энергетиканың ел экономикасындағы рөлі туралы баяндады.

Мұндай танымдық іс-шаралар оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға және болашақ мамандықтарын таңдауда көмектесуге ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -