Қазақстанда авторлық құқықты қорғау және шығармашылық қызметкерлерді қолдау

1100
Фотосурет: ©️ А.Байжұманов/Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары авторлық құқықты қорғау және мәдениет пен өнер қайраткерлеріне сыйақы бөлу жүйесін жетілдіру мәселелері туралы отырыс өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Қазақстандық композиторлар мен олардың мұрагерлерінің авторлық төлемдерді бөлу жүйесінің ашық болмауына байланысты ұжымдық өтініші отырыстың басты себебі болды. Өтініште олардың шығармалары теле-радиохабарларда, концерттер мен басқа да қоғамдық шараларда кеңінен пайдаланылатыны атап өтілген. Алайда, авторлық сыйақы төлеу жүйесі әлі де ашық болмауы және авторлық құқық қоғамдарының қызметіне қатысты елеулі сұрақ туындайтыны көрсетілген.

Суретті түсірген: А.Байжұманов

Суретті түсірген: А.Байжұманов

«Мәдениет және өнер қайраткерлері өздерінің өтінішінде әділдікті қалпына келтіруді, авторлық сыйақы бөлу жүйесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуді сұрайды. Бұл олардың шығармаларына лайықты төлем алуда аса маңызды. Сонымен қатар, әрбір зияткерлік меншік субъектісінің құқығын қорғауға және қолдауға кепілдік беретін жаңа тетіктер әзірлеп, енгізу қажет» Сенатор Жанна Асанова 

Сенат депутаттары қазіргі уақытта Мәжілісте шығармашылық индустрия мен зияткерлік меншікке қатысты екі заң жобасы қаралып жатқанын еске салды. Бұл заңдар аясында авторлық құқықтарды ұжымдық басқару жүйесін жетілдіру, оның ішінде оны цифрландыру арқылы ашық әрі әділетті жүзеге асыру жоспарлануда.

Жиынға қатысушылар авторлық құқық жүйесін реформалау, ұжымдық басқару ұйымдарының қызметіне бақылауды күшейту және авторларға сыйақыны әділ бөлу тетіктерін енгізу қажеттігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, отандық шығармашылық иелері мен олардың мұрагерлерін қолдауға бағытталған қосымша шаралар қарастыру ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар да айтылды. Ал зияткерлік меншікті қорғау және шығармашылық индустрияларды қолдау бойынша жұмыстар заңнамалық бастамалар аясында жалғасатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -