Алматыда «Қайрат» шағын ауданында сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің екінші кезеңінің құрылысы аяқталуға жақын. Ұзындығы 37,2 км болатын жұмыс 2025 жылдың күзінде бітеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Былтыр Түрксіб ауданындағы «Әлмерек» шағын ауданында 20 км су құбыры мен кәріз желілері, «Жас Қанат» шағын ауданында 8 км су құбыры мен 8,6 км кәріз жүйесі, сондай-ақ «Төменгі Бесжылдық» шағын ауданында 115 км су құбыры мен 32 км кәріз жүйесі салынды.
«Шуақты» шағын ауданында кәріз сорғы станциясы (КСС) іске қосылып, Волочаевская көшесіндегі 70 үйдің кәріз мәселесі шешілді.
Жаңа желілер 21 мыңнан астам тұрғынның сумен жабдықтау сапасын жақсартып, бұрын қамтылмаған үйлерге тұрақты су беруді қамтамасыз етеді.