Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Департамент қызметінің нәтижесінде өткен жылы мемлекеттік бюджетке 665,6 миллиард теңге көлемінде салық түсімдері қамтамасыз етілді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7%-ға немесе 41,7 миллиард теңгеге артық, бұл салық түсімдерінің өсуінің оң серпінін көрсетеді.
Алқа отырысында Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Манзоров жұмыстың тиімділігін одан әрі арттырудың және салықтық бақылауды жақсартудың маңыздылығын атап өтті, әріптестерінің алдына бюджетті одан әрі толықтыруға бағытталған бірқатар міндеттер қойды, сондай-ақ салық төлеушілермен жұмысты жақсарту және ішкі процестерді оңтайландыру жөнінде тапсырмалар берді.