Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды. Салық төлеуші салықтық есептілікті керi қайтарып алу үшін салық органына, деп хабарлайды DKnews.kz:
- өзі тiркеу есебiне қойылған жер бойынша салықтық өтiнiштi ұсынады.
Салық органының коды дұрыс көрсетілмеген салықтық есептiлiкті өзгерту әдісімен кері қайтарып алған жағдайда, салықтық өтiнiш осындай есептілікті ұсыну орны бойынша ұсынылады;
- Салық Кодекстің 208-бабы 2-тармағының шарттарын бұза отырып ұсынылған салықтық есептілікті жою әдісімен кері қайтарып алған жағдайда, салықтық есептілікті ұсынады.
Салықтық есептілік көрсетілген салықтық кезеңге ұсынылған салықтық есептіліктің барлық қосымша нысандары ескеріле отырып, салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесiнен салық органының керi қайтарып алуына жатады.
Салықтық есептілікті керi қайтарып алу мынадай әдiстердiң бірiмен жүргізіледі:
- жою әдiсiмен, бұл ретте керi қайтарылатын салықтық есептілік салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесiнiң орталық торабынан жойылады;
- өзгерту әдiсiмен, бұл ретте бұрын ұсынылған салықтық есептілікке салық төлеушi мәлiмдеген өзгерістер және түзетулер енгiзiледі.