Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу нысанында жүзеге асырылатынын хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту үшін негіздер, сондай-ақ оларды өзгерту шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.
Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты беріледі.
Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу төлеушінің тиісінше кейінге қалдырылған немесе бөліп төленетін соманы біржолғы ретпен немесе кезең-кезеңмен төлеу арқылы кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімін өзгертуді білдіреді.
Тауарларды кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру беріле отырып шығару кезінде өзінің төленуіне қатысты кейінге қалдыру берілген кедендік әкелу баждарының сомасы осындай кейінге қалдыру берілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірілмей төленуге жатады.